Абай даңғылында өткен іс-шараға 60 ту ұстаған 90 адам қатысты
Алматының Наурызбай ауданында автошеру өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай даңғылында өткен іс-шараға 60 ту ұстаған 90 адам жұмылдырылды. Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шеруге 30 автокөлік қатысты
«Наурызбай ауданының әкімшілігінің қолдауымен өз рәміздерімізді құрметтеу мақсатында автошеру жасап отырмыз. Бұл – біздің жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарамыз. Рәміздеріміз соңғы кезде көрінгеннің ойыншығына айналып бара жатқанын байқап жүрміз. Біз түбегейлі қарсымыз», – деді автошеруге қатысушы Рауан Тоқтарбай.
Аудан тұрғындары үшін де мерекелік шара жалғасын тапты. «Премьера» тұрғын үй кешенінде патриоттық әндер орындалып, үйлердің балкондарына 140-тан аса ту ілінді.
«Біз Наурызбай ауданының әкімшілігіне жылда мереке ұйымдастырамыз. Туларды іліп, музыка қойып, патриоттық рухымызды көтереміз», – деді зейнеткер Гүлнәр Атамұратова.