Бостандық ауданының 65 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы қаласының Бостандық ауданында төрт жыл ішінде 337 аула жөнделді. Аула аумақтарын ретке келтіру биыл да жалғасып жатыр. Аудан әкімі Алтай Рахымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып өткендей, биыл жүздеген аулаларды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімнің айтуынша, Бостандық ауданының 65 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Көктем, Алмагүл, Орбита шағын аудандарында. Онда жаңа жол жабыны пайда болады, сондай-ақ барлық қауіпсіздік шаралары сәйкес келетін жаңа балалар алаңдары орнатылады. Барлығы 100 аула абаттандырылады.
Өткен жылы инвесторларды тарту есебінен ауданда 20 балалар алаңы абаттандырылды.
«Осы жылдың 6 айында инвесторларды тарту есебінен 15 балалар алаңы жөнделді, жыл соңына дейін тағы алты алаңдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда», – деді А. Рахымбетов.
Жаңа келбеті мен әмбебаптығының арқасында жергілікті тұрғындар аулаларда көбірек уақыт өткізе алады. Сонымен қатар Үлкен Алматы ауданындағы әл-Фараби даңғылындағы көпір асты кеңістігі жөнделеді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Тұңғыш Президенті Қорының гүлзарларына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бюджетке қатысу» жобасын іске асыру аясында биыл жалпы сомасы 4,312 млрд. теңгеге 136 өтінім берілді, 49-на рұқсат берілді, 772,7 млн теңгеге 25-і мақұлданды.
А. Рахымбетов іске асып жатқан жобалар тізімінде аулалардағы сегіз балалар мен спорт алаңдарын, бос тұрған екі учаскені абаттандыру, жұмыс істеп тұрған сегіз нысанды, екі шағын аудандағы көше жарығын жөндеу, екі көшеге су құбырын орнату, үш жаяу жүргіншілер өткелінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер орнатылатынын айтты. Қазіргі кезде 23 жоба бойынша жұмыстар басталды.