Алматы қар күреу мен шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Күндізгі уақытта 423 бірлік арнайы техника мен 1008 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қар жауған сәттен бастап 2270 тонна көктайғаққа қарсы материал себілді.
Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын қолмен күреу жұмыстары күшейтіледі. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері де қолмен тазартылып жатыр.
22 қар тиегіш пен 72 өзі түсіргіш жүк көлігімен қар шығару жұмыстары қызған. Сағат 15:00-тегі жағдай бойынша 28 240 м3 қар шығарылды, бұл 2820 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.
Аудандардың әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырды.
“Қазгидромет” РМК болжамы:
20 қаңтар: күндіз сағат 19:00-ге дейін қалыңдығы 0,5 мм-лік аздаған қар. ауа температурасы күндіз -4...-6 градус аяз.
21 қаңтар: түн жарымда қалыңдығы 1 мм болатын аздап қар жауады, күндіз де осы қалыңдықтай қар түседі. Түнде ауа температурасы -10...-12, күндіз -6...-8 градус аяз.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі жүк көлігімен 2422 рейс қар шығарды