Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды
ҚазАқпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Аталған мурал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова мен Гафура Қайырбекова кескіндеді. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен», - деп жазды ведомстводан.
Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06