Наурызбай ауданында серуендеуге және демалуға ыңғайлы 87 қоғамдық орын салынды

egemen.kz
egemen.kz
Мұнда заманауи ойын және спорт алаңдары бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

35 ойын және 19 жасыл алаң, 6 футбол және баскетбол алаңы. Алматының Наурызбай ауданында серуендеуге және демалуға ыңғайлы 87 қоғамдық орын салынды. Олар Ақжар, Қалқаман, Құрамыс, Қарағайлы тұрғын алаптарында, Хан Тәңірі тұрғын үй кешенінде және Набережная көшесінің бойында пайда болды. Шеткі аймақтарды дамытудың басым бағыттарымен аудан әкімінің орынбасары Бағлан Дандыбаев бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол мұндағы заманауи ойын және спорт алаңдарының, жаяу жүргіншілер аймағының халық көңілінен шыққанын алға тартты. Сондай-ақ 1 жыл ішінде 3000 ағаш отырғызылыпты.

«Alem Park біздің ауданның нағыз визит картасына айналады. Бұл саябақ демалыстың әр түріне бағытталған көп функциялы қоғамдық кеңістік болмақ. Бүкіл қала тұрғындары мұнда отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, жаңа аттракциондарға мінуге, аллеяларда серуендеуге, таза ауада тамақтануға келетін болады. Паркте 44 аттракцион жұмыс істейді», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев.

Новости партнеров