Алматыда биыл 20 мыңнан астам үй сумен жабдықтау және суды бұру жүйесіне қосылады. Бұл туралы Алматы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а. Берік Жамбылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы-2020» даму бағдарламасы аясында 2020 жылы 33 жоба бойынша 312 шақырым су құбыры және кәріз желілері (161 км су құбыры және 151 км кәріз желілері) салынды.
«Құрылыстың аяқталуы Алматы қаласына қосылған елді мекендердегі 23 мыңға жуық тұрғын үйді (85 мыңға жуық адам) (оның ішінде Думан, Самғау (шығыс бөлігі) және Ақбұлақ кенттерін) қамтуға мүмкіндік берді», – деп хабарлады Берік Жамбылов.
«Алматы-2020» даму бағдарламасы аясында 2020 жылы 33 жоба бойынша 312 км сумен жабдықтау және суды бұру желілері (161 км сумен жабдықтау және 151 км кәріз желілері) салынды.
Қазіргі кезде қала тұрғындарының 98,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, суды бұру желілеріне 85,7%-ы қолжеткізді. 2019 жылмен салыстырғанда сумен қамтудың оң динамикасы 0,6%-ға өсті. 2020 жылы 17 ықшамаудандарда басталған барлық жұмыстарды биыл аяқтау жоспарлануда.
«2021 жылы 17 ықшамаудандар (оның ішінде Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Кемел, Алғабас, Боралдай, Шұғыла, Ақжар, Қайрат, Самғау (батыс бөлігі), Қарасу, Шапағат, Теректі, Шаңырақ-1, Көкшоқы) 150 км сумен жабдықтау және 130 км судан бұру желілерін салу жоспарлануда, соның мұндағы тұрығндардың 98,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен, 85,9%-ы суды бұрумен қамтылатын болады. Осылайша, орталықтандырылған су жүйесіне 20 900 үй қосылады», – деп атап өтті спикер.