Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болады
Алматыда желтоқсан айы бойы әрбір сенбі және жексенбі күндері Алматы облысының жақын маңдағы аудандары (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) тауар өндірушілерінің, сонымен қатар, Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыдағы жәрмеңкелердің мекенжайы:
1. Алмалы ауданы (Гоголь көшесі, Масанчи көшесінің қиылысы);
2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ықшамауданы);
3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы);
4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесінің қиылысы және Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің қиылысы);
5. Түрксіб ауданы («Жұлдыз» ықшамауданы).
Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.