Алматыда заңсыз салынған кезекті құрылыс нысаны сүрілді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жер учаскесіне мақсатсыз құрылыс жүргізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кезекті құрылыс нысаны сүріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.  Сот шешімі бойынша тұруға болмайтын ірі нысан бұзылды.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша меншік иесі, жер учаскесіне мақсатсыз құрылыс жүргізген. Алаңы 470 метр нысан салып, мемлекеттік қордың жерін ішінара пайдаланылған. Ол Брюсов көшесі, 4, Скрябин көшесі, 35 қиылысында орналасқан.

Айта кетсек, қала құрылысын бақылау басқармасы 2021 жылы меншік иесіне талап арыз беруге бастамашы болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 

Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен нысанды ішінара бұзу туралы 2021 жылғы 2 қарашадағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

2022 жылғы 27 мамырда сот орындаушысы атқарушылық іс қозғап, меншік иесінің атына 2022 жылғы 13 маусымға дейін сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хат жолдады. Алайда меншік иесі шешімді орындамаған. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүрілді. 

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі 2024 жылдан бастап жас сәулетшілер мен дизайнерлерге арнайы грант бөледі

Новости партнеров