Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Алматыда шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы «Жаңа кезеңдегі Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауырлататын қылмыс ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өткен болатын. Осылайша, Алматы қаласында алматылық бизнесмендердің мүдделерін қорғайтын мобильді топтар құрылды.
«Бұл бағытта Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысын атап өткен жөн. Осылайша, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел қорғау үшін қаланың әрбір ауданында қадағалау органы мен „Атамекен“ өкілдерінің қатысуымен арнайы мобильді топтар құрылды. Мобильдік топтар жұмысының қорытындысы бойынша өткен жылы ШОБ-ті заңсыз тексерудің 2-еуі тоқтатылды», – деді Нариман Әбілшайықов .
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР «Атамекен» ҰКП-ның бірыңғай байланыс орталығының 1432 нөміріне (қоңырау шалу тегін), сондай-ақ Алматы қаласының прокуратурасына +7 701 775 55 00 нөміріне хабарласуын сұрайды.