|
02.08.2023 | 16:31
2416

Ақкент тұрғын үй кешенін салушы қаза тапқандардың отбасына екі бөлмелі пәтер береді

Сонымен қатар құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді

Ақкент тұрғын үй кешенін салушы қаза тапқандардың отбасына екі бөлмелі пәтер береді qamshy.kz

Ақкент тұрғын кешенін салушы қаза тапқандардың отбасына екі бөлмелі пәтер береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ayt housing Complex» ЖШС «Ақкент» тұрғын үй кешенін салушының ақпараты бойынша, бір күн бұрын өрт шыққан, қаза тапқандардың отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер беріледі. 

«Компания атынан Әсел Бекмұхамбетованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Әсел-Айжан әпкелердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді компания өкілдері.

Сонымен қатар құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады. 

«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз», - деді Бас директор.

«Ayt Housing Complex» ЖШС - тұрғын үй кешенінің құрылыс жүргізушісі. 54 көппәтерлі тұрғын үй 07.08.2017 жылғы №773 объектіні пайдалануға қабылдау актісімен пайдалануға берілді. 2020 жылдың қаңтарына дейін бұл үй бос тұрды, «Ayt housing Complex» ЖШС осы үйдің тапсырыс берушісі және меншік иесі болып табылмайды. Бұл үйді тұрғындар тек 2020 жылы қоныстанды, үйдің иесі жаңарды. Аталған тұрғын үй кешенінде қызмет көрсететін басқару органы - «Ақкент ТК» МИБ (ОСИ). Өткен жылдың наурыз айында МИБ «Ayt Facility Management» ЖШС атынан басқарушы компаниямен шарт жасасты, оның директоры - Г.С. Маженов.

Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үй қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

квартира
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир