Алматы музейінде «Қысқы ертегі» ойыншықтар көрмесі ашылды

07.12.2020 21:32

Онда бірнеше ғасырлар бұрын жасалып, жақсы күйде сақталған ойыншықтар қойылған

Almaty.tv

Алматы музейінде «Қысқы ертегі» атты ойыншықтар көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда бірнеше ғасырлар бұрын жасалып, жақсы күйде сақталған ойыншықтар қойылған. Сондай-ақ, көрмеде ерте дәуірден қалған шыршалар да бар. Шараның мақсаты пандемияға қарамастан қала тұрғындарын жаңа жылдық атмосфераға бөлеп, балалық шақты еске түсіру. Онымен қоса бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ерекше форматтағы көрме 13 қаңтарға дейін жалғасады. 

«Ойыншықтар көрмесі жаңадан ашылды. Көрмеде 19-20 ғасырда жасалған ойыншықтар. Жүз елу жылдай тарихы бар ойыншықтар», – деді қалалық мұражайлар бірлестігінің директоры Әнуар Үмбетәлиев.