Алматыда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді

26.10.2022 21:33

Фестивальде түрлі елдің ұлттық тағамдары ұсынылады

kuda-spb.ru

Алматыда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара 29-30 қазанда Абай атындағы алаңы (Республика сарайының алдында) бірнеше аспаздық аймақтарға бөлінеді. Дәстүр бойынша фестивальде әлемнің түрлі ұлттық тағамдары, оның ішінде мексикалық, грузин, американдық, азиялық және қазақ тағамдары ұсынылады.

Шараға 10 мыңға жуық қонақ келеді.