Ағаштың жағдайын жақсарту, сақтау және әртүрлі зиянды организмге төзімділігін арттыру үшін Алматы қаласында жасыл желектерді биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жақсы әсер ету және тиімділікті арттыру үшін бұл түнгі уақытта, жауын-шашын жоқ кезде жүргізіледі.
Жыл сайын биологиялық өңдеу төрт кезеңмен жүргізіледі. Биыл алғашқы екі кезең мамыр және маусымда өтті. Өңдеудің үшінші кезеңі жалғасуда, бұл жауын-шашын болмаған кезде жүргізіледі. Күн ашық кезде биоөңдеудің төртінші кезеңі тамыздың ортасында басталады деп жоспарланған.
Бұл жұмысқа климаттық факторды ескере отырып, ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамға, құс пен жануарға зиянсыз, қаупі аз сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады.
Жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарына қарсы емдеу 2,3 миллионнан астам ағашты өңдеу жоспарланып отыр. Зиянкестер мен аурулар биологиясының ерекшелігін ескеріп, өңдеу түнде және таңертең жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Алматының қай тұрғын үй кешенінде суық су болмайды