Президент Жолдауында қолжетімді және сапалы білім беруді шешу жолдары анықталған – БҒМ Алматы қалалық департаменті

Президент Жолдауында қолжетімді және сапалы білім беруді шешу жолдары анықталған – БҒМ Алматы қалалық департаменті
Білім беру әлеуетін көтеру барысында қомақты қаражат бөлінуі жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолжетімді әрі сапалы білім алуды, балалардың мектепке дейін жан-жақты даму мәселесін, 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамтудың шешу жолдарын айқындады. Сондай-ақ, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек екенін атап айтты.

«Жолдауда Президент Үкіметке Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен әл-ауқатын жақсарту мәселесі бойынша нақты тапсырма берді. Білім беру әлеуетін көтеру барысында қомақты қаражат бөлінуі жоспарлануда», – деп атап өтті Г. Ермекбаева.

Сонымен бірге, балаларға экология жайлы тәрбие беру және жалпы экологиялық мәдениетті дамытуға ерекше мән берілуде.

«Президент еліміздің әрбір азаматына қатысты экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесінеде тоқталды. Балаларға қоршаған ортаға құрметпен қарау, табиғатқа деген ойлау қабілетін дамытуды қалыптастыру. Қоршаған ортамен қарым қатынаста болуды, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсетуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді балаға ерте жастан үйрету қажет. Осыған байланысты мектептерде кәзіргі уақытта «Экология» пәні оқытылуда», – деді ол.

Ол сондай-ақ, Президенттің ерекше назарына алынған мәселелердің бірі балалар құқығын қорғау екенін атап өтті.

«Балаларды кибербуллингтан қорғау, спорт секциялары мен үйірмелеріне қоса қосымша білім беру мекемелерін ашу әкімдіктер мен білім беру мекемелерінің жүзеге асыратын ісі болып табылады», – деп толықтырды Г. Ермекбаева.


Новости партнеров