Сел қауіпсіздігін қамту: Алматыда меморандумға қол қойылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір сел қаупі бар аумақтарда 31 цифрландырылған станса пилоттық режимде іске қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының таулы аудандарында сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзара меморандумға қол қойылды. Бұл істі «Қазселденқорғау» мекемесі «География және су қауіпсіздігі институтымен» бірлесе қолға алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Институт басшысы келісімнің нәтижесінде халықаралық ғылыми конференция жиі ұйымдастырылып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу жұмысы қарқынды жүргізілетінін айтты. Бұл - күнтізбедегі келелі мәселенің бірі.

– Институт тарапынан жиындар өткізу, ғылыми негіздеу, баяндамамен қатысу, белгілі мамандарды тарту мәселелері бойынша көмектесеміз, – деді  «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеу.

Қазір сел қаупі бар аумақтарда 31 цифрландырылған станса пилоттық режимде іске қосылған. «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысының айтуынша, алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарда бар.

– Селден қорғау жұмыстарын жаңа бағыттарға айқындау керек. Бүгінгі таңда ғылыми институт пен География және су қауіпсіздігі институтымен меморандумға қол қойдық. Мақсат – барлық ақпаратпен алмасу, аэровизуалды зерттеулерді бірлесіп жүргізу, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов.

Оқи отырыңыз: Алматының автопаркі 100 жаңа автобуспен толықты

Новости партнеров