Биыл жастарды қолдау үшін жалақыны көтердік - қала әкімі

14.04.2022 21:35
bilimdinews.kz

Жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы жастардың жалақысы көтерілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі айтуынша, қала студенттерінің жалпы санының 25%-ы Бостандық ауданына тиесілі.

«Жастарды қолдау үшін биыл біз (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы)  жастар практикасы бойынша жалақы көлемін 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейттік, ол 122,5 мың теңгеге жетті. Алматы – еліміздегі ең ірі студенттер қаласы. Бостандық ауданында жоғары оқу орындары (12) мен колледждердің (20) ең көп бөлігі орналасқан, онда 68 мың студент білім алады, бұл қала студенттерінің жалпы санының 25%-ын құрайды», - деді Досаев.