Наурызбай ауданында көшбасшы жастар анықталды

29.11.2021 в 21:36

10 күнге созылған сайыста қатысушылар түрлі тапсырма орындады

Наурызбай ауданында көшбасшы жастар анықталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында өткізілген марафонға 170 үміткерден өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

10 күнге созылған сайыста қатысушылар түрлі тапсырма орындады. Үміткерлер осы уақыт аралығында өздерін көшбасшылық қырынан сынайды және қайырымдылық істермен айналысып, үздік атанады. Мақсат – жастарды қоғамдық істерге бейімдеу және уақыттарын тиімді өткізу. 

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан марафонға жыл сайын қызығушылық танытқандар саны артып келеді дейді мамандар.  

«Мен үшін үлкен тәжірбие болды. Марафонға қатысудағы себебім – өзімнің көшбасшылық қасиетімді сынағым және өзімді дәделдегім келді. Дәлелдедім де деп ойлаймын. Қайырымдылық шарасымен айналысқанымыз сондай жақсы әсерге бөледі», – дейді «Көшбасшы Наурызбай-2021» жеңімпазы Алтынай Сәбитбек.