Мамандар оның 2000-нан астамын тексеріп үлгерген
Алмалы ауданының төтеншеліктері тұрмысы төмен және жалғызбасты қарт кісілер тұратын үйлерге орнатылған газ датчигін тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған қоса, қуаты таусылғандарының батарейкасын ауыстырып, іске қосып кетті. Жалпы ауданда 3500-ге жуық жер үй бар. Мамандар оның 2000-нан астамын тексеріп үлгерген. Ал соңғы екі жылда улы газдың алдын-алу мақсатында 207 өрт датчигі орнатылыпты. Жылу маусымы басталмас бұрын төтеншеліктер үй-үйді аралап, жылда жадынама таратады. Өйткені айтпай келетін апаттың алдын алып қамданбаса болмайды дейді. Айта кетейік, Алмалы ауданында жыл басынан бері жеке секторда 15 өрт дерегі тіркелген.
«Өртті болдырмау мақсатында, әсіресе, жылыту маусымының алдында мамандар халықпен тығыз жұмыс істейді. Алмалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жер үйлерді аралап, тұрғындарға жадынама таратады. Өрт қауіпсіздігін сақтау керек екенін ескертіп, түсіндірме жұмысын жүргізеді. Оған қоса, былтыр орнатқан газ датчиктерінің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіп кетеміз. Кейбірінде қуаты таусылып қалған. Олар да уақытылы ауыстыру керекпіз», – деді Алмалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Руслан Қасенов.