Алматыда 102 аға учаскелік инспектор әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

23.09.2020 в 21:40

Нәтижеде азаматтардың тәулік бойы кері байланыс алуға мүмкіндігі бар

Алматы қаласының полициясы халыққа тағы бір табан жақын бола түсті. Енді департаменттің барлық әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан бөлек, 102 аға учаскелік инспектор жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижеде азаматтардың тәулік бойы кері байланыс алуға мүмкіндігі бар. Өйткені онда жолданған хабарлама мен хаттар назардан тыс қалмайды. Қалалық полиция департаменті келтірген мәлімет бойынша, осы күнге дейін ғаламтор арқылы 3 мыңға жуық адам көмек алған. Айта кетейік, тәртіп сақшылары ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 13 фронт-кеңсе ашты. Жұмыстың жаңа форматы арыз бен өтінішті жазу уақытын анағұрлым қысқартып,  жемқорлықты жойған.