Қазақ елінің алып күш иесі

31.08.2021 21:40

Мәдени жиында жас ұрпаққа аты аңызға айналған балуан туралы деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды

Алматыда Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150 жылдығына орай балаларға арналған «Қазақ елінің алып күш иесі» атты шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәдени жиында жас ұрпаққа аты аңызға айналған балуан туралы деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

«Іс-шараның мақсаты Қажымұқан Мұңайтбасұлының өмірімен балаларды таныстыру. Ата-бабаларымыздың мәдени дәстүріне сүйене отырып, жас ұрпақты мәдени нығайту, тәрбиелеу, насихаттау», – деді қалалық №29 кітапхана бөлімінің меңгерушісі Жанар Жайыққызы.