|
31.12.2021 | 16:59
8599

Алматының шеткі аудандары 2022 жылы жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады

Бүгінгі күні шеткі аймақтардағы 1 586 абонент интернетке қосылған

Алматының шеткі аудандары 2022 жылы жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады Фото: ашық дереккөзден

2022 жылы Алматының шеткі аудандары жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қала орталығынан шалғай жатқан шағын аудандарды сымсыз, жылдам интернетпен қамту үшін инфрақұрылым жасалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елдімекендер үшін өте тиімді бұл жоба екі оператор арқылы жүзеге асады. «Қазақтелеком» компаниясы Алғабас шағынауданында желіні іске қосуды аяқтап та қойған. Алдағы уақытта шаруа Өжет, Боралдай, Теректі, Таусамалы, Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында басталмақ. Осылай, келесі жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық абонентті қамту жоспарланыпты. Бұл ретте қала билігі Meganet компаниясымен бірлесіп, талшықты-оптикалық байланыс желісінің технологиясын қолдануды мақсат етіп отыр. 

«Біздің ауданда интернет өте әлсіз еді. Балалар қашықтан оқыған уақытта тіпті жағдай қиындап кетті. Бүгінде қала әкімдігінің қолдауымен бізге тегін интернет қосылды. Желі жақсы жұмыс істейді. Соның арқасында балаларымыз теледидар да қарай алады», – деді Нұршашқан ықшамауданының тұрғыны Нигара Хасанова.

Бүгінгі күні шеткі аймақтардағы 1 586 абонент интернетке қосылған. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында 57 отбасы, оның ішінде әлеуметтік жағдайы нашар жанұялар мен мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары тегін қамтамасыз етілді. Бұлардың қатарында «Аманат» әлеуметтік интернат-үйі де бар. Қазір Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарының шағын аудандарында телекоммуникациялық инфрақұрылым бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 304 абонент кезекте тұр. 

«Балаларымызға көмек ретінде тегін Wi-Fi орнатып, одан бөлек, теледидар сыйлады. Балалар қуанып қалды. Бұл ұрпақтың дамуына қосып жатқан еңбектері деп ойлаймыз», – деді «Аманат» әлеуметтік балалар үйінің директоры Өмірбек Бұғыбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир