Қала әкімімен кездесуде айтылған тұрғындар мәселесі қалай шешілуде

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Желілер мен жерасты өткелдері қаншалықты жаңартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде 2023 жылдың қыркүйегінде аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысының берген тапсырмаларының орындалғаны туралы айтылды.

Бұрынғы кездесу кезінде тұрғындар жылу желілерін реконструкциялаудың ұзаққа созылғанын айтқан еді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Айнабұлақ шағынауданында ұзындығы 2,2 км және Казаков пен Бродский көшелерінде ұзындығы 1,1 км жылу желісін жөндеу аяқталды.

Аудан жұртшылығының өтініші бойынша мына бағыттардағы №38, 69, 47, 113, 125 автобустар жаңарды, барлығы 102 автобус. Сондай-ақ, ұзындығы 21,4 км 17 көшеде орташа жөндеу және көлемі 30 мың м2 жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша ұзындығы 2,7 км 10 учаскеде тротуарлар салынды, Солтүстік айналма көшесі бойынша 2 бағдаршам іске қосылды, 5 жерүсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделді.

Өткен жылдың қыркүйек айында өткен кездесуде аудан тұрғындары гүлзарлар мен саябақ аймақтарындағы жасыл желектерге күтім жасау, атап айтқанда уақтылы суару мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде Жангелдин және Ратушный скверінде, Құлагер шағынауданындағы арбатта, Райымбек даңғылының бөлу жолағында автосуару суару жүйесі салынды.

Бұдан басқа қала әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылы №148 мектетің жанындағы 300 орындық қосымша корпустың және Кемел шағынауданы ауысымында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағы пайда болады

Новости партнеров