Ауданда барлығы 29 мемлекеттік мектеп бар, олардың тоғызында ғана оқушы орны жетіспейді, деп хабарлады Алматыдағы Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында.
«Биыл №144 мектеп-гимназияға жапсаржай құрылысының аяқталуы есебінен 300 орындық тапшылық азайып, №34 гимназияның қосалқы нысан құрылысы аяқталған кезде тағы 600 орынды тапшылық азаяды», – деп хабарлады аудан әкімі.
Ауданда №54 мектеп ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды және №128, 95 және 144 мектептерде салынған спорт кешендері жұмыс істейді.
№90,67,34 мектептердегі спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жыл соңына дейін №16 балабақша ғимаратын сейсмикалық нығайтумен күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ №7 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл ауданда екі жекеменшік балабақша ашылды.