Б. Сағынтаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі М. Фриберг-Сторимен кездесті

31.05.2021 21:42

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды

Фото: twitter.com/sagintayev_b

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі М. Фриберг-Сторимен кездесті. Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

«БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі М. Фриберг-Сторимен балалар мен жастарды қолдау, цифрландыру мен қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы ұйым өкілдіктерімен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу мәселелерін талқыладық», – деді әкім.