Бұл турады қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының халқымен кездесу барысында айтты
Биылғы жылдың соңына дейін Алматыда Сергек камераларының саны 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізіледі. Бұл турады қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының халқымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімінің айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Ол үшін алдын алу шаралары қабылданады.
«2022 жылдың соңына дейін ауданда Сергек камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жаппай шоғырлану орындары бойынша қосымша 541 бейнекамера орнатылады, оның ішінде 200-і аулада,118-і саябақтарда/алаңдарда және 223-і қиылыстарда. Бұл ретте, бюджет есебінен бұрын аулаларда камералар орнатылмаған. Қауіпсіздік мәселесінің екінші жағы - жайлы көше инфрақұрылымын құру. "Vision Zero" аясында ауданның 6 көшесін қайта құру жүргізілуде, оның негізгі мақсаты жолдардағы өлім-жітімді азайту болып табылады. Сондай-ақ 2022 жылы аяқталатын бағдаршамдардың құрылысы есебінен 6 учаскедегі көлік ағыны реттелетін болады», - деді Ерболат Досаев.
Қала басшысының айтуынша, жастар мен қаламыздың болашағы үшін есірткі ерекше қауіп төндіреді. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін өткен жылдың қазан айында қоғам өкілдерімен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге «НаркоStop» жобасы басталған.
Жоба мемлекеттік, қоғамдық және жергілікті деңгейдегі шаралар кешені болып табылады.
«Бүгінгі таңда жобаға қатысушылар, яғни 400 волонтердан құралған команда 80 мыңнан астам есірткі жарнамасын бояп өшірді. Полиция қызметкерлері жоба ақпараты бойынша 24 синтетикалық есірткі таратушыны ұстады. Менің тапсырмам бойынша жоба қаланың басқа аудандарында да қайталануда», - деді қала әкімі.