Алматыда әлеуметтік нысандар қай жерде салынады

02.08.2022 21:47

Қазіргі уақытта 4 жер телімі сатып алынды

ашық дереккөзден

Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының тарихи орталығының шекарасын белгілеу мәселелері басқарманың ерекше бақылауында. Ардақ Самамбетов журналистерге қала әкімінің тапсырмалары қалай орындалып жатқандығын айтты.

 «Нүктелі құрылыс салуға жол бермеу мақсатында тарихи орталықтың шекарасы белгіленді, оның шегінде мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға және сатып алуға жататын 7 учаске анықталды. Олардың орнында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 4 жер телімдері сатып алынды», - деп мәлімдеді А.Самамбетов.

 Мәселен, емхана салу мақсатында Левитан көшесінің оңтүстігінен, Гагарин даңғылының батысынан жер учаскесі тәркіленді. Сонымен қатар, халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай және Сырғабеков көшесінің шығысына қарай 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,3 гектар жер телімі бөлінді.

 Сонымен қатар, ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі, Жандосов көшесінің оңтүстігіне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін бөлуге және тау бөктерінде аз қабатты үйлер салуға тыйым салды.

 ӨКҚ брифингінде мемлекеттік жер қорын ұлғайту мақсатында жалпы ауданы 19,54 гектар 22 жер учаскесі резервке қойылғаны белгілі болды.

 2022 жылдың соңына дейін Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айырығын салу, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін тесу және Абай даңғылын қала шекарасына дейін тесу (Абай саяжайлары) жобасы бойынша жер телімдерін сатып алуды аяқтау жоспарлануда.

Келесі жылы ЖҚБ Медеу ауданында Рысқұлов даңғылы бойындағы айналмалы эстакада құрылысын салу, Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін Төле би көшесін ұзарту, Ф. Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін Рысқұлов даңғылын ұзарту, Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін Жұбанов көшесін ұзарту және метрополитен салу («Қалқаман» станциясы) жобалары бойынша жер телімдерін сатып алуды аяқтауды жоспарлап отыр.