Алматыда барлық нысандар мен әлеуметтік объектілер 100%-ға жылуға қосылған

11.01.2021 в 21:51

Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту

Алматыда барлық нысандар мен әлеуметтік объектілер 100%-ға жылуға қосылған және тұрақты жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылу маусымында қызмет көрсетуге жұмылдырылған коммуналдық қызметтер (АлТС, КБАЭ, АлЭС, Алматы су, АЖК және ҚазТрансГаз-Аймақ) жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді.

Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және әл-Фараби - Жароков - Тимирязев - Розыбакиев шаршысындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Каскад» ҚС 110/35/10-6кВ және «Алмагүл» ҚС 110 кВ жаңа қосалқы стансаларының құрылысы басталды.

Қазандықтың қуатын арттыру үшін және Алматының оңтүстік ауданында жылу энергиясының тапшылығын жою үшін, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік» аудандық қазандығы қуатын 55 Гкал-ға ұлғайта отырып, қайта жаңғыртылуда.

Жыл сайын барлық жұмыстар Алматы қаласының тұрғындарын инфрақұрылыммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Бірінші кезектегі мақсат – бұл тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жүргізу.