23 ғылым докторы мен 38 ғылым кандидатын дайындаған Нина Каюпова «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атанды

19.09.2020 21:49

Нина Каюпова – қазақстандық акушер-гинеколог дәрігер, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы

Акимат Алматы

Алматыда Қала күні қарсаңында Гинекология және перинатология, акушерлік орталығының бас ғылыми қызметкері Нина Каюповаға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нина Каюпова - қазақстандық акушер-гинеколог дәрігер, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы,профессор, ҚР профилактикалық медицина Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әлемнің Президенттік және  рухани  келісім  премиясының лауреаты.

Н.Каюпова «Отбасылық үлгігідегі балалар ауылдары туралы»,«Жасөспірімдер үйлері туралы»,«Жасөспірімдердің құқықтары туралы» заңдардың бастамашысы болып саналады.

Одан бөлек, ол әлемнің 35 елінде Қазақстанды лайықты дәрежеде таныстырып, БҰҰ жағдайы жөніндегі Комисссия жұмысына қатысты.

Н.Каюпова С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық институтының акушерлік және гинекология кафедрасында 15 жыл дәріс оқыған. Ол медицина ғылымдарының 38 кандидаты мен 23 докторын дайындап шығарған.19 монографияның, 400-ден астам ғылыми мақала авторы.

Алматы күні қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының 18 қыркүйекте өткен XVII сессиясының VI шақырылымында ондаған  белгілі  жеке  тұлғаға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметті наградаға ие болғандардың арасында мегаполистің дамуына үлес қосқан түрлі салалар мен мамандықтардың өкілдері, түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері бар.