Алматы – өркениет ордасы. Қаланың мәдениет басқармасы мен «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бірлесіп, студенттік пленэр ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәстүр бойынша ашық аспан астында өтетін шара биыл Жүргенов университетінде жалғасын тапты. Басты мақсат – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қаламыздың символы – алманы бейнелеу. Алматы апорты мен қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары бірін-бірі толықтырып, үйлескен түрде керемет көркемдік көрініс тапты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы студенттерге арнайы сертификаттар берілді.
«Жастарымызды, студенттерімізді өзінің ұлттық болмысын, тарихын танып-білуге шақыратын мағынасы терең қойылым деп санаймыз. Осы қойылымның арқасында Зарина Шүкітаева сияқты таланттарымыз әлемдік дәрежедегі үлкен көрмелерге шығармаларының шығара алып жатыр», - деді «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ҚР Көркемсурет академиясының академигі Бауыржан Байділда.