Қала әкімдігі ескерткіш нысанының құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады
Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа өтінімдерді бүгіннен бастап 2022 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайтын болады. Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысының Алматыға жақында жасаған сапары кезінде мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды.
Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуы тиіс. Оны жасағанда сапалы материалдарды пайдаланған жөн.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды.
Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігі мен Назарбаев даңғылының батысына қарай қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылады деп болжануда.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Абай даңғылы 90, (3-қабат) немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны бойынша.