Жыл соңына дейін Алматының 8 ауданында 1400-ден астам көше жарықтандырылады

11.09.2020 21:53

39 мыңға жуық жарық шамдары орнатылады

almaty.tv

Биыл Алматыда 1 мың 400-ден астам көше жарықтандырылады. Онда шамамен 39 мыңға жуық жарық шамдары орнатылады. Осылайша келер жылдың аяғына дейін қала 100 пайыз жарықтандырылмақ. Бүгінде Алатау ауданыны сияқты шеткі елді-мекендерге ерекше көңіл бөлінуде. Аталған аудандағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен Almaty.tv тілшісі Арнат Дүйсен танысып қайтты.

Өткен жылдың шілде-тамыз айларында жарығы жоқ көшелерге аудит жүргізілген еді. Белгілісі 2353 көше тас қараңғы. Дер кезінде қолға алынған шаралар арқасында биыл барлық аудандағы 1400 ден астам көшеге жарық жүргізіледі. Соның бірі – Алатау ауданындағы Мәдениет ықшамауданы.

Алатау ауданында орналасқан бұл мәдениет ышқамуданы қаланың ең шеткі аумағы. 2014 жылы қала аумағына кірсе де бұған дейін мұнда жарық болмаған. Яғни, тас қараңғы болған. Тұрғындардың қуанышына орай мұнда екі ай бұрын жарық жүргізіліп, соңғы технологиялар, лед шамдар орнатылды.      

Алатау ауданында 730 көше бар. Оның 60 пайыздан астамы жарықтандырылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 85-90 пайызға жетеді дейді аудан әкімінің орынбасары. Одан өзге ескі шамдарды ауыстыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.    

«Жалпы бізде тағы 513 көше бар. Онда жарықтар кейбір жерлерде бар, кейбір жерлерде жоқ. Сол көшелердегі сары шамдарды лэд шамдарына ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Алматы қалалық жарық компаниясымен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Халық та өз рахметін айтып отыр», – деді  Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасынов.

Иә, шынында да бұған дейін тас қараңғы болған ықшамаудан тұрғындары ризашылығын білдіруде. Сөздерінше, жыл басында көшеде жүруге қорқатын алатаулықтар енді көшеміз жарқырап қалды дейді.

БЛИЦ:

– Қазір жарық көшеміз, рахат. Кешкісін балалармен жүргенге де жақсы. Аудан басшыларына рахмет. Осындай жұмыс атқарылып жатыр.  

– Сейчас на много лучше светит. До этого вобще не светило.  

Өткен жылы қаладағы 6 ауданның 329 көшесіне жарық жүргізілсе, биыл 4 аудан 100 пайыз жарықтандырылмақ. Ал, келер жылдың соңында бүкіл Алматының көшелері жарқырайтын болады.

Арнат Дүйсен, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы