Алматылықтар Жаңа жылды қалай қарсы алды

01.01.2022 21:54
Фото: Константин Потапов

Ғажайыпқа толы түн! Жаңа жыл мерекесіне орай Алматы аспаны отшашумен көмкерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түрлі-түсті оттар айналаны жарқытарып қана қоймай, Алатау бөктерін ерекше әуенге бөледі. 

Айта кетейік, Алматыда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әрі адамдар көп шоғырланған орындарда азаматтардың жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында Алматыда 31 желтоқсанда мерекелік отшашу болған жоқ. 

Дегенмен қала тұрғындары мен қонақтары «Астана» алаңына және Республика сарайының алдында көздің жауын алатын шыршаға барып серуендеп, суретке түсіп қайтты.