«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына қанша ақша бөлінді

23.06.2022 в 21:55

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтып берді

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына 800 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Тұрғындар 153 жоба ұсынды. Дауыс беру және қарау нәтижесінде 2022 жылы іске асыру үшін 39 жоба іріктеп алынды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына 800 млн теңге бөлінді. Аула кеңістігін жаңарту бойынша 21 жоба орындалып жатыр. Бүгін біз балалар және спорт алаңдарын орнату, қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру, иттерді серуендететін алаңдар құру жұмысын атқарып жатырмыз. Сондай-ақ осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін «АЗТМ» скверін (Төле би – Гагарин) және А. Байтұрсынов пен Ә. Шәріпов көшесінің ортасындағы Бөгенбай батыр бульварын абаттандыру аяқталады", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.