Достық даңғылы, 91в мекенжайындағы учаске заңды тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі
Самал-2 шағын ауданында 28 қабатты тұрғын үйлерінің құрылысына жол берілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Достық даңғылы, 91в мекенжайындағы учаске заңды тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: тұрғын емес үй-жайларды пайдалану және қызмет көрсету үшін, бұл көппәтерлі тұрғын кешен құрылысына рұқсат беру құжаты болып табылмайды.
Учаскенің меншік иесі жобалау алдындағы құжаттаманы алу үшін Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жүгінген жоқ", делінген ресми хабарламада.