2025 жылға дейін салынатын нысан қала әкімдігі бекіткен Алматының даму жоспары аясында жүзеге асады
Алматыда 2025 жылға дейін Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа корпусы бой көтереді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
600 төсек-орындық нысанды салу қала әкімдігі бекіткен Алматының даму жоспары аясында жүзеге асады. Игі жоба арқылы шаһарда тағы нендей түйткілдер шешімін табады? Бұл сауалға Алматы қалалық мәслихат депутаты, қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев жауап береді. Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыздар.