Санитарлық талаптардың барлығы сақталған деп мониторинг тобы риза болды
Кәсіпкерлер карантин талаптарын сақтай бастады. Алатау ауданында құрылған мониторинг тобы түнгі рейдке шығып, өрескел заң бұзушылық анықтаған жоқ. Ал, тек көлік жуатын жер түнгі уақытқа қарамастан жұмысты жалғастырғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тексерушілер келгенде Алатау ауданында орналасқан мына дәмхана жұмысты уақытында аяқтап, ішін жинастыруға кіріскен. Әкімшіден бастап, даяшыларға дейін бетперде тағып, қолдарына медициналық қолғап та киіп алыпты. Санитарлық талаптардың барлығы сақталған деп мониторинг тобы риза болды. Өйткені қанша ескертілсе де, қалтаның қамын күйіттеген кәсіпкерлер ережеге құлақ аспайды дейді.
Ізін ала мониторинг тобы жұмыс уақыты пандемияға байланысты өзгертілсе де, қызметін тоқтатпаған көлік жуатын жерге барды. Олар түнгі уақытқа қарамастан қызу іске кіріскен. Бұл талапқа құлақ аспау дейді мамандар.
Одан бөлек, тексерушілер көлік жуатын орынның қызметкерлерінің ешбірінде қорғаныс құралдары болмады. Ал қолданылған бетперде мен қолғапты тастайтын жәшік талапқа сәйкес келмейді. Сөзінше, карантин кезінде жазылған жазу өшіп кетіпті. Жұмысшыларға көп рет қолдануға болатын бетперде беремін деген әкімші 5 күндік қорын көрсете алмады.
«Қазіргі таңда 5 шілде мен 17 тамыз аралығында 2759 кәсіпкерлік нысанының санитария талаптарын сақтау бойынша тексердік. Оның ішінде 12 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік құқықтық хаттама толтырылды. Айыппұлдар салынды. Қазіргі таңда санитарлық талаптарды сақтау бойынша Алатау ауданында құрылған жұмыс тобымен күнделікті рейдтік шаралар жүргізіледі», – деп хабарлайды Алатау аудандық Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Азамат Қасенов.
Ереже бұзған көлік жуатын орынға мамандар шақырту тастап, кейін айыппұл салады. Тек осындай шаралардан кейін ғана көп кәсіпкер жақсы жаққа қарай өзгереді дейді.
Жадыра Омаржан, Айдана Нұраш, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы