Жыл сайын еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтеді
Алматыда «Тілектер шыршасы» атты жаңа жылдық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жаңа жыл қарсаңында балаларға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтар табысталды. Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президентіне Алматы қаласының дарынды, шығармашылық, спорттық, талантты балалары тілектерін жолдады. Сонымен қатар акцияға жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты. Акцияның басты мақсаты – балаларды қолдау, қуаныш сыйлау және жаңа жылдық сиқыр көрсету.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алматылық бес балаға сыйлық табысталды.
Олар: № 26 ЖББМ оқушысы Нәдірбекова Ақниет, №2, 9 ЖББМ оқушысы Семетов Артур, №208 ЖББМ оқушысы Нұрғали Нұрәділ, №124 ЖББМ оқушысы Қыстаубаев Әбдірахман және №4 ЖББМ оқушысы Мирхаликова Малика.
Бұған қоса, барлық балаға Президент атынан құттықтау хаттары мен кәмпиттер жиынтығы берілді.
Оларды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тапсырды. Балалар iPad Apple, синтезатор, кітаптар, LEGO ойыншықтары, тәттілер жиынтығын алды.
«Жаңа жыл – әр бала ғажайыпты, сиқырды күтетін ертегіге толы жарқын мереке. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде жыл сайын 9-13 жас аралығындағы балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өткізіледі.
«Балалар – бұл еліміздің болашағы мен сіздердің қабілетіңізге қарамастан, барлығыңызды бірдей жақсы көреміз және сіздердің заманауи мектептерде сапалы білім алуыңызды, білімді, дені сау балалар болып өсуіңізді, Отанымызды, Қазақстанымызды, қаламызды жақсы көруіңізді қалаймыз. Ал бүгін осындай тамаша мерекеде әрқайсыңыз Президент атынан жаңа жылдық сыйлық алады. Жаңа Жыл сыйлықтар ғана емес, жақындарыңыздан қамқорлық пен сүйіспеншілік те көре беріңіздер», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
«Тілектер шыршасы» - оларға шынымен сенетіндер үшін таңғажайып мереке жасауға арналған акция. Бұл ретте, әрқайсымыз біреулерге қамқорлық көрсетіп, сиқыршы бола аламыз!
Оқи отырыңыз: Президент балалардың хатына жауап берді