Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен кәсіпкерлер палатасы өкілдері кездесті

12.03.2021 21:59

Кездесудің мақсаты жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту жолында мемлекет пен азаматтық қоғамды және кәсіптік күш-жігерді біріктіру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен кәсіпкерлер палатасы өкілдері бизнесті дамыту тақырыбында әңгіме өрбітті. Кездесудің мақсаты жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту жолында мемлекет пен азаматтық қоғамды және кәсіптік күш-жігерді біріктіру, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара барысында кәсіпкерлерді құқықтық қорғау мен бизнесті оңтайландыру, сонымен қоса инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру мәселесесі сөз болды.  

«Біз бұл жұмысымызды алдағы уақытта міндетті түрде жалғастырамыз. Халықаралық компанияларды шақырып форум өткіземіз. Оған барлық жеке кәсіпкерді қатысуға шақырып отырмыз. Карантин шаралары бізге мүмкіндік беретін болса келесі айдың ортасында өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.