Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден
Тексеріс барысында су құбыры бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы барлық жылу желіcі желілік сумен толтырылды. Осылайша, жылыту маусымына дайындық аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тексеріс барысында су құбыры бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілген. Осы тұста айта кетейік, мамандар қаладағы жылу жүйесінің 60 пайызы тозған деп отыр. Сондықтан жұмыс жоспарына сәйкес, тозған желілер ауыстырылып, жабдықтар ретке келтірілді.
«Жалпы, жылу жүйелерінде 2022 жылы 9 км желі ауыстырылды. Реконструкция бойынша бізде биыл 44,7 км жылу жүйелері ауыстырылды», – деді «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10