Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

10.10.2022 22:00

Тексеріс барысында су құбыры бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілген

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы барлық жылу желіcі желілік сумен толтырылды. Осылайша, жылыту маусымына дайындық аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеріс барысында су құбыры бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілген. Осы тұста айта кетейік, мамандар қаладағы жылу жүйесінің 60 пайызы тозған деп отыр. Сондықтан жұмыс жоспарына сәйкес, тозған желілер ауыстырылып, жабдықтар ретке келтірілді.

«Жалпы, жылу жүйелерінде 2022 жылы 9 км желі ауыстырылды. Реконструкция бойынша бізде биыл 44,7 км жылу жүйелері ауыстырылды», – деді   «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов.