|
09.12.2020 | 17:04
1222

Алматыда оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтіп жатыр

Жүлделі орын алған балалар ақпан айында өтетін Республикалық жобаға жолдама алады

Алматыда оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтіп жатыр

«Алматы дарыны» орталығында Республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтіп жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жобаға шаһарымыздың 207 мектебінен 1500-ге жуық оқушы онлайн қатысуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келесі кезеңге өткен білім алушылар арнайы тестілеуден өтетін болады. Ал, оқ бойы озық шыққандары Республикалық байқауға қатысады. 

«Балалардың деңгейі жалпы жақсы. Қызық тақырыптар дайындаған. Әр балада 2 жетекші бар. Біреуі ғылыми жетекші жоғары оқу орнынан және екіншісі өздерінің мектептерінің ағайы мен апайлары», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы Гүлмира Саудабаева.

«Бұл жобаға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Желтоқсанның 9-12 аралығында тесттен өтеді. Жүлделі орын алған балалар ақпан айында өтетін Республикалық жобаға жолдама алады», – деді «Алматы дарыны» орталығының директоры Айгүл Қасымбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир