|
19.10.2023 | 17:04
1588

Қала әкімі Алматыдағы 14-ші аумақ тұрғындарымен кездесті

Инженерлік желілерге қатысты мәселе қозғалды

Қала әкімі Алматыдағы 14-ші аумақ тұрғындарымен кездесті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында «14 аумақ» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. 7 жылдан бері шағынауданда жұмысы аяқталмалмай келе жатқан инженерлік желілерге қатысты мәселе қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 - Біз жеті жыл бойы қиналып келеміз, - деді жергілікті тұрғын.

 - Былтыр менің алғашқы жұмыс сапарым сіздерден басталды, - деп еске салды қала әкімі. Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымына тағайындалғаннан кейін алғаш рет  осы шағынауданде кездесу өткізген. «14-ші аумақ» тұрғындары қала басшысына алғысын білдіріп, оның тапсырмасы бойынша олардың инженерлік желіге қатысты мәселесі шешіле бастағанын атап өтті.

 - Инженерлік желілерді салуға байланысты жұмысты жеделдетеміз, ауа райының қолайлы болып тұрғаны жол жабыны бойынша жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді. Ең бастысы жұмысты  30 қарашаға дейін аяқтаймыз деп үміттенеміз. Аудан әкімдігі тратуарлар бойынша маған сіздермен кеңесіп отырғандарын айтты. Кейде барлық жұмыс аяқталған кезде тұрғындар түзетуді сұрайды. Абаттандыру аясында аталған өкілеттіктер аудан әкімдеріне берілді, біз олардың бюджетін көбейттік. Олар қазірдің өзінде шешім қабылдауда. Мен қадағалаймын, - деді Алматы әкімі.

 - Аудан әкімдігінің қызметкерлері біздің өтінішімізді естіп, жауап береді, - деді «14-ші аумақ» шағынаудан тұрғындары. Олар көше жарығы мәселесін тездетіп шешуді сұрады.

Ерболат Досаев Алматы әкімдігі жеке серіктеске қатысты сот процесін жеңгенін айтты.

 - Біз ақыры бірінші сатылы сотта жеңдік. Мердігер компания апелляциялық шағым түсіруі мүмкін. Жарықтандыру мәселесі міндетті түрде шешіледі, - деді қала әкімі. 

Сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша қаражатқа қатысты мәселені мердігермен тікелей келісім-шартты аудан әкімдігі жасайтынын айтты. Бұл тұрғындардың осы мәселе бойынша өтінімін іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін 2018 жылы Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС үш компаниядан тұратын консорциум өз міндеттемелерін сақтамағаны хабарланған болатын. Сондықтан алматылықтар тарапынан көше жарығына қатысты шағымдар көбейген еді. Биыл қазан айында сот қала әкімдігінің талабын қанағаттандырды.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірінің жөндеу барысымен танысты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир