Алматының Жетісу ауданында тұрғындардың 99%-дан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін инфрақұрылымдар жаңарып, жолдар жөнделіп, арық жүйесі реттелгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл жалпы ұзындығы 23,8 шақырым инженерлік желілер, оның ішінде сумен жабдықтау – 19,3 шақырым, су бұру – 4,5 шақырым құбырлар тартылды.
Әкімдік газдандыру қарқынын арттыруды жалғастыруда және бұл іс-шараларды абаттандырумен үйлестіруде. Жетісу ауданында 521 км магистральдық газ желілері өтеді, яғни халықтың 99,6%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар осы жылы Таймыр көшесіндегі 47 үй бұрын «Кедентранссервис» ЖШС электрмен жабдықтау қалалық желілеріне қосылды.
Гүлнар Көкебаева жалпы ұзындығы 17,9 км болатын 10 көшеге асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталғанын, сонымен қатар, жалпы ұзындығы 17,3 км болатын 23 көшеге инженерлік желілерді төсегеннен кейін асфальт қалпына келтірілгенін хабарлады. Жыл басынан бері 107 көшені қамти отырып, 38 мың шаршы метрден астам шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұзындығы 108,9 км 75 көшеде тротуарлар салынды, 2021 жылы ұзындығы 4,8 км 14 мекенжай бойынша қосымша тротуарлар салынды.