|
21.03.2022 | 18:07
5286

Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай тойлап жатыр – фоторепортаж

Көктемнің шуақты күнінде алматылықтар киіз үй тігіп, ұлттық киіммен көшеге қыдыруға шыға бастады

Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай тойлап жатыр – фоторепортаж

Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы басталды. Алматылықтар әз-Наурыз мерекесін тойлап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көктемнің шуақты күнінде алматылықтар киіз үй тігіп, ұлттық киіммен көшеге қыдыруға шыға бастады. 

Жібек жолы көшесіне жиналған халық қарасы қалың. Шағын сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Тахмина Әшімбекова, Інжу және басқа отандық эстрада жұлдыздары ән шырқады. 

Сонымен қатар, «Алматы әуендері», «Бозторғай» халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өнерлерін ортаға салады.

Қолөнер жәрмеңкесі мен суретшілер көрмесі өтіп жатыр. Арнайы балалар аймақтары ұйымдастырылды. 

Мегаполисте негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді. 

Қаланың барлық ауданында 80-нен астам түрлі іс-шара жоспарланған. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының «Астана» алаңындағы мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир