Алматыдағы Терренкур су қоймасы қашан реконструкцияланады

28.09.2023 22:06

Журналистер саябағын қайта құру басталды

Фото: visitalmaty.kz

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Терренкурдағы су қоймасын реконструкциялау жобалық құжаттаманың аяқталу мерзімі-осы жылдың желтоқсан айы, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. Ал қазіргі уақытта Терренкурда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау жыл соңына жоспарланған.

Бұрын хабарланғандай, Терренкурдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Балансқа қабылданғаннан кейін  оны нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының  аумағын абаттандыру бойынша жеке жобаны әзірлеу басталды.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша шағын ауданындағы "Журналистер" саябағын қайта құру басталды. Аяқталу мерзімі – жылдың соңы. Тұрғындардың өтініші бойын "Алатау" шағынауданындағы Ибрагимов көшесінде скейт -парктің құрылысы басталды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Оқи отырыңыз: Ақылы жолдар неше пайызға қымбаттайды