Бостандық ауданында ауыз су мәселесі қалай шешіледі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Мамандар әл-Фараби даңғылының оңтүстігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданындағы ауыз су мәселесін қалай шешілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы мәселені түбегейлі шешу үшін 2022 жылдың соңына дейін «Ерменсай» су қабылдағышының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады және мемлекеттік сараптамадан өтеді (өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр). 2023 жылы су қабылдағыштың құрылысына қаржы бөлу үшін әкімдік ҚР Үкіметіне өтініш жасауға ниетті.  Осы жобаны іске асыру әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратын 20 мың халықты сапалы сумен толық қамтамасыз етеді», - деді қала әкімі.

Мамандар әл-Фараби даңғылының оңтүстігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын айтады.  

Бүгінде осы аумақты 5 жеке компания сумен жабдықтайды («Орхан», «Ерменсайводгаз», «Сервис Тау Су», «Ақсу», «Тау Су Қызмет» ЖШС), оның 3-еуі техникалық суды Каскад станциясынан алады.

Новости партнеров