2021 жылға арналған несиелеу бағдарламаларының бюджеті 47,3 млрд теңге болды
Алматыда мемлекеттік және аймақтық несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыру барысында жылдық жоспардағы 3 440 адамның орнына 3 688 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 107,2% құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылға арналған несиелеу бағдарламаларының бюджеті 47,3 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға артық (2020 ж. - 31,8 млрд теңге.), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 28,9 млрд теңге, республикалық бюджет қаражаты – 18,4 млрд теңге құрады. Бюджеттің 58%-ы субсидиялау және кепілдік беру құралдарына, ал 42%-ы несие беруге тура келді. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары аясында жалпы несие сомасы 278,4 млрд теңгені құрайтын 3 212 жоба қаржыландырылды.
«Жалпы, қала бизнесі мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын белсенді қолданады. Мәселен, егер 2018-19 жылдары негізінен ірі және орта кәсіпорындар қаржыландырылған болса, енді өткен жылдан бастап БЖК-ныңа микро және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ бағдарламаларға өзгерістер енгізу бойынша бірінші бағытын енгізудің арқасында микро және шағын бизнесті қаржыландыру бойынша белсенді өсім байқалады. Санаттар бойынша ағымдағы жылы барлық жобалардың жартысынан астамын шағын бизнес құрайды (56%). Салалар бөлінісінде негізгі үлес өнеркәсіпке (35%) және көлікке (13,1%) тиесілі. Аудандар бойынша қаржыландырылған жобалардың ең көп саны мегаполистің Әуезов (17%), Алмалы (16,7%), Бостандық (14,5%) және Алатау (14,2%) аудандарында байқалады», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.
«БЖК–2025» бағдарламасына ағымдағы жылы 184,6 млрд теңге несие сомасына 2 815 жоба қаржыландырылды, игеру 100%-ды құрайды. Оның ішінде 231 жобаға бөлінген қайтарымсыз инновациялық гранттың жалпы сомасы 690 млн теңге. «БЖК-2025» бойынша жобалардың ең көп саны келесі салаларда қаржыландырылды: көлік және қоймалау – 19,1%, сауда және қызметтер – 18,9% және өнеркәсіп – 14,3%.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында: «Қарапайым заттар экономикасы» - 41,7 млрд теңге несие сомасына 28 жоба, «АӨК» - 36,2 млрд теңге сомасына 15 жоба, «Еңбек» - 1,5 млрд теңгеге 102 жоба қаржыландырылды. Өңірлік бағдарламалар аясында: «Almaty Business» бойынша - 8,9 млрд теңгеге 119 жоба, «Almaty Business - 2025» бойынша - 5,5 млрд теңгеге 133 жоба қаржыландырылды.
Қала шетіндегі бизнесті қолдау да маңызды бағыт болып табылады. Бағдарлама іскерлік белсенділігі төмен аудандарда кең танымалдылыққа ие болды, оған қаланың 5 ауданы (Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб) кіреді. Бүгінде аталған аудандарда 3,3 млрд теңгеден астам сомаға 74 жоба қаржыландырылды.