Алматы қаласынан 1,5 мыңнан астам азамат әскерге аттанады

06.10.2021 23:02

Күзгі шақыру науқаны қатаң санитарлық жағдайда өтіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Жақын күндері Алматыдан 1,5 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметін өтеуге аттанады. Күзгі шақыру науқаны қатаң санитарлық жағдайда өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер қосылып, жастардың ПТР-тестілеуден өтуі мұқият қадағаланып отыр. Жалпы биыл, борышын өтейтін азаматтарды әскер қатарына қабылдау тәртібі біршама өзгерген.

«Әскерге шақырылғандардың арасында көру қабілеті төмен жастар жиі кездеседі. Жалпы, 100 пайыз көретіндердің үлесі аз, сондықтан талаптар сәл төмендетілді. Бұдан бөлек үміткерлердің білім деңгейі мен психологиялық жағдайын ескереміз», – деді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев.

Теги: әскер