Алатау ауданының 4,7 мыңнан астам тұрғыны «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты

Алатау ауданының 4,7 мыңнан астам тұрғыны «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты
Аз қамтылған отбасылардың 46 жеке тұрғын үйі орталық газбен жабдықтауға қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2021 жылы қабылданған халықты әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азамат Қалдыбеков бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті Алатау ауданының 1 794 отбасы 624,4 млн теңгеге, ал тұрғын үй көмегін 9,7 млн теңгеге 435 өтініш беруші алғанын хабарлады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 764 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 1 390 адам, жастар практикасына 315 адам жіберілді, 200 АЕК көлемінде гранттар 153 адамға, тұрақты жұмыс орындарына 2 698 адам, ал жоба бойынша алғашқы жұмыс орнына – 12 адам орналастырылды», деді Алатау ауданының әкімі.

Спикер сондай-ақ Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен «Халық Банк» АҚ бірлескен жобасы аясында ауданның аз қамтылған отбасыларының 46 жеке тұрғын үйі орталық газбен жабдықтауға қосылғанын хабарлады.

Новости партнеров