Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты өшіреді
30 маусымда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін әл-Фараби –Қазыбаев-Ганди – Назарбаев көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, «Жерұйық», «Нұрлы таң» тұрғын кешендеріне суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жұмыс жүргізу кезеңінде Чайкин, Митин, Рубинштейн, Елибеков көшелері, Достық даңғылы 308, Самал-1, 2 шағынауданы, «Достық резиденттері» ТК бойынша су қысымының төмендеуі және су беруде үзілістер күтілуде. 1 шілде күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Баймағамбетов көшесінің батысындағы Жас қанат шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйлер суық судан уақытша ажыратылады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.